122 отбасы көмек алуда

339
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қостанай қаласында 122 отбасы әлеуметтік көмек алуда.

Бұл туралы Nur Otan партия­сының Қос­танай қалалық филиа­лының XXIX кезектен тыс кон­ференциясында айтылды.
– Биылғы жылдың ақпан, наурыз айла­рында көпбалалы және аз қамтылған отба­сылардың тұрмыс деңгейімен танысу шара­лары жүргізілген еді. Нәтижесін­де, арнайы тізімге 714 отбасы кірген. Жергілікті билік пен кә­сіп­керлердің көмегімен 28 отба­сыға 64 тонна көмір жеткізілген. 13 отбасыға 98 шар­шы метр отын жет­кізілді. 168 отбасыға азық-тү­лік дорбалары үлестірілді, – дейді Қостанай қалалық әкім­дігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы­ның орынбасары Лаура Исабаева.
Жергілікті биліктің көмегімен 200-ден астам отбасыға көмек көрсетілген. Сонымен қатар Қобыланды даңғылында орна­ласқан жатақхананың терезелері ауыстырылып, жаңа терезе ор­натылып жатыр.
Жиын барысында Елбасы съезде белгілеген 4 ұлттық жоба­ның шаһарда жүзеге асырылу барысы сөз болды.
– Елбасы бізге 4 нақты жо­баны анықтап берді. Олар – «Ба­қытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек». Осы төрт жобаны біз партия мүшелері жүзеге асыруы­мыз керек. Алдағы уақытта бұл 4 жоба жұмысымыздың негізі болады, – деді Nur Otan партиясы Қостанай қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Манарбек Сұлтанғазин.
Конференция барысында қалалық фи­лиалға жаңа төраға сайланды. Іс-шараға қатысқан 68 делегат Қайрат Жұмашұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Шара соңында алдағы облыстық конфе­ренцияға қаты­сатын делегаттар сайланды.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: