«Аякс» Роналдуды және «Ювентусті» Чемпиондар лигасынан шығарып тастады

520
0
Бөлісу:

Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы жауапты ойындары өтті. Туринде «Ювентус» пен «Аякс» кездесіп, қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жетті. 

Ойынның 28 минутында Криштиану Роналду баспен гол соғып, есеп ашқан. Алайда голландиялық ұжым 34 минутта есепті теңестірді. Донни ван де Бек мергендігімен көзге түсті.

Командалар үзіліске осы тең есеппен тарқасқан.

Екінші таймда «Аякстың» қарқыны арта түсті. 67 минутта команда капитаны Маттейс де Лигт бұрыштамадан берілген допқа бәрінен бұрын жетіп, командасын алға шығарды.

Голландияда өткен бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Ал «Барселонада» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдап, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Лионель Месси 16 және 20 минутта дубль жасаса, 61 минутта Филиппе Коутиньо Де Хеа қақпасынан саңылау тапты. Алғашқы ойында да католониялықтар 1:0 есебімен басым түскен.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: