Зинедин Зидан «Реалға» қажет емес ойыншылардың тізімін жариялады

1273
0
Бөлісу:

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан трансферге шығарылатын футболшылардың тізімін әзірлеген.

Испаниялық AS басылымының мәлімдеуіне сенсек, Зидан құпия тізімді клуб басшылығына табыс еткен. Француз маманының ойынша, үш футболшы келесі маусымда «Реал» сапында қалмауы тиіс.

Клубтан кетуге басты кандидат – Гарет Бэйл. Уэльстік футболшының Мадридтен қоныс аударатыны жайлы бұған дейін де талай айтылған. Сондай-ақ Мариано Диас, Дани Себальос, Маркос Льоренте және Браим Диас секілді ойыншылар да біржола сатылымға немесе жалға беру трансферіне шығарылмақ.

Сонымен қатар Тони Кроос, Марсело, Иско секілді ойыншылардың да «Реалмен» қоштасуы жайлы БАҚ жиі жаза бастады.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: