Ішкі тұрақтылық қажет

563
0
Бөлісу:

– Қазақстан Тұңғыш Пре­зиденті, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық аппарат мү­ше­лері­мен өткен кездесуінде Қазақстан Президентінің ке­зектен тыс сайла­уында белсенділікпен атсалысуға шақырды.
2019 жылдың 9 маусымы – мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Біз, Қазақстан халқы, бұл сайлаудың еліміздің сеніммен алға жыл­жуына көмектесетінін және алдымызда тұрған белгісіздікті ай­қын қылатынын түсінуіміз керек.
Қазіргі болып отырған белгісіздік жағдай халықтың ой-пі­кірі­не кейбір түсініксіздік пен бұлыңғырлық беріп отыр. Сон­дықтан Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту және сырт­қы серіктестермен қатынастарды нығайту үшін сайлауды алға жылжыту қажетін атап өтті.
Сайлау саяси белгісіздік жағдайына тән жағымсыз үрдістерді жоққа шығарады. Кезектен тыс сайлау өткізу – Қазақстанның да­муына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың сая­си жағдайға бейімделуіне арналған мемлекетіміз үшін қажет жә­не уақытылы шешім.
Жаһандық үдерістерге қатысу үшін елде ішкі тұрақтылық қа­жет. Еліміздің әрбір азаматы дауыс беріп, республикамыздың қан­дай бағытта дамитынын анықтауға септігін тигізуі өте маңыз­ды. Халық сайлаған президент ел дамуының бағытын анық­тап қана қоймай, елімізді халықаралық аренада таныс­тырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлем­дегі жағдай күрт өзгерістерге ие және халқымыз үшін бұл жағ­дайлар құбылмалы әсер етуде. Біз ішкі және сыртқы сая­сатымыздың сабақтастығын, болжамдығын және тұрақтығын ны­ғайтуымыз керек. Әлеуметтік бағдарламаларды және Елба­сының стратегиясын тиімді, табысты іске асыру бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыруымыз қажет.
Қазір Қазақстан халқы үшін өте маңызды уақыт. 9 мау­сымда қазақстандықтарды шетте қалмауға және өз таң­дауын жасауға шақырамын!
Бақтияр МӘКЕН,
Мәжіліс депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі

Бөлісу: