Өркендеу үшін керек қадам

331
0
Бөлісу:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әр­қайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап, еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қа­былдады. Қазақстан халқы ерте ме, кеш пе президент сайлауы өте­тінін күтіп жүрген болатын. Сол күн, міне, айқындалды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана рес­публикалық Egemen Qazaqstan және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында «Елбасының дана шешімінің арқасында билік сабақтастығы ешбір дүрбелеңсіз, шиеленіссіз жүзеге асты. Бұл болашақ үшін, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұдайы дамуы үшін жасалған бірегей қадам екенін ұмытпауымыз керек» деп атап көрсеткен болатын. Демек, алтыбақан алауыз болмай, тәуелсіз мемлекетіміздің сара жолын айқындау үшін басты тұл­ғаны таңдап, заңды сайлау өткізу – алға басу, өсу, өркендеуіміз үшін керек қадам. Расында да баршамыздың барымыз да, ба­ғымыз да – тәуелсіздік. Кері кетсек тарих та, болашақ ұрпақ та бізді кешірмейді.
Сондықтан еліміздің бейбітсүйгіш адамдары санатында өр­кениетті ел екенімізді, жұртымыздың саяси мәдениетінің жо­ғары екенін дәлелдей отырып, кезектен тыс сайлауға бір адам­дай қатысып, таңдауымызды жасауға тиістіміз.

Жомарт ИГІМАН,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Сарқан аудандық мәслихатының депутаты

Бөлісу: