Баспанасын жалға беретіндер пәтеріндегі тәртіпке жауап береді

453
0
Бөлісу:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жалға берілетін пәтерлерге қатысты пікірін айтты.

– Өзінің баспанасын жалға беруге әрбір адамның құқығы бар. Мұны көбісі табыс көзіне айналдырған. Ал қоғамдық тәртіп, осы бизнесті пайдалану ережесі ғимарат ішінде міндетті түрде орындалуы керек. Яғни, бұл баспана бір тәулікке немесе бір айға жалға берілсе де, тәртіп болуы қажет, – деді Роман Скляр.

Министр тұрғын үйлердегі тәртіпке жергілікті атқарушы органдар да жауапты екенін атап өтті.

– Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полицейлер, тұрғындардың өздері үлестерін қосуы керек. Егер жалға берілген пәтерлерде тәртіпсіздік орын алса, тиісті шаралар қабылданғаны дұрыс. Негізі, жұмыс тобындағы талқылау кезінде осындай бизнеспен айналысатын азаматтардың құқықтарын шектемеу шешімін қабылдадық. Олар салық комитетінде тіркеліп, патент алып, өзінің пәтеріндегі тәртіпті бақылауы тиіс, – деді Роман Скляр.

Жалға бергені үшін салықты уақтылы төлеуге міндетті.

«Айқын» ақпарат

Фото: интернеттен алынды

Бөлісу: