Қазақстан құрамасының футболшысы әйгілі француз клубына ауыспақ

658
0
Бөлісу:

 Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Кәшкен француздық «Лион» командасында қаралымда жүр.

Бұл ақпаратты футболшының өзі растаған деп хабарлады отандық sports.kz сайты.

«Иә, қазір «Лион» жастар командасының қаралымында жүрмін. Бұл жақта бір апта боламын» депті футболшы.

Еске салсақ, қазақстандық футболшы ұзақ уақыт бойы мадридтік «Атлетико» футбол клубының академиясында тәлім алып, кейінірек «Касабланка» клубының намысын қорғады. Қазақстанға келгеннен кейін «Астана» және «Жетісу» клубтарының жастар командасына доп тепті.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: