Тоқаев «Көк Жайлау» курортының құрылысын тоқтатты

522
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысын уақытша тоқтатуды ұсынды.

Президент твиттердегі парақшасында: «Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін «Көк Жайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды» деген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында құрылысты уақытша тоқтатуды айтқан болатын.

«Айқын» ақпарат

Фото: Қари Қуанышбек

Бөлісу: