Қытай мен Еуропа арасында контейнерлік пойыздар тасымалы артады

555
0
Бөлісу:

 Алматыда Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалы бойынша жұмыс тобының төртінші отырысы болып өтті.

Отырысқа Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда. Жұмыс тобының мүшелері Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты 2019 жылдың бірінші тоқсанының және 2018 жыл  қорытындысын шығарды.

Қытай темір жолдары статистикасы мәліметінше, 2018 жылы Қытай-Еуропа-Қытай қатынасында 4128 контейнерлік пойыз (Ресей мен Беларуссияға белгіленген контейнерлік пойыздарды есептемегенде) ұйымдастырылған, бұл 2017 жылға қарағанда 59% артық.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында Қазақстан аумағы арқылы 286 мың ЖФБ контейнерлер тасымалданса, бұл 2017 жылға қарағанда 61% көп.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал көлемін арттыру бойынша компания қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат бере кетті.

– Қазақстанда контейнерлік пойыздарды оңтайлы жолмен құруды қолдану тәжірибесі сәтімен жүзеге асырылуда. Ұзынқұрамды контейнерлік пойыздарды өткізу технологиясы енгізілген, – деді Қанат Әлмағамбетов.

Бұдан басқа, контейнерлік ағынның негізгі бөлігі «Қарталы-1» мемлекетаралық түйісу пункті арқылы баламалы бағыттарға қайта бағдарланды, бұл контейнерлік сервис сапасына оң ықпал етті.

2019 жылы ҚТЖ жүк тасымалы нарығында теміржол көлігі үлесін толықтай арттыру және қосымша көлемдер тарту, бәсекелестікті көтеруге бағытталған жұмыстарды  жалғастырады.

Отырысқа қатысушылар 2019 жылы контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру бойынша жоспарды талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздармен тасымалдау жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рәсім ережелерін бекітті. Қатысушылар клиенттерге кешенді қызмет көрсету есебінен теміржол тасымалы тартымдылығын арттыру мақсатында өнімдер мен сандық сервистерді бірлесе құру жөніндегі жұмысты белсенділендіруге уағдаласты.

Бірлескен жұмыс тобының бесінші отырысын Гданьскіде (Польша) өткізу жоспарланып отыр.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: