Месси тағы рекорд орнатты (видео)

817
0
Бөлісу:

Испания біріншілігінде «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Леонель Месси жеңісті ойындардың саны бойынша рекорд орнатты.

Сәуірдің 6-сы күні барселоналықтар Мадридтің «Атлетикосын» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңісті голды Мессидің өзі қарсылас қақпасына дарытты. Осылайша аргентиналық Испания чемпионатында өткізген 447 ойынның 335-ін жеңіспен аяқтады.

Бұған дейін бұл рекорд «Реалдың» бұрыңғы қақпашысы Икер Касильясқа тиесілі болатын. Енді оның еншісінде 334 жеңіс қана.

«Айқын» ақпарат

Фото: Global look press

 

Бөлісу: