Ғарыш саласында – әлемдік рекорд

492
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпора­циясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады.

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы­мен ғарыш сала­сындағы, соның ішінде «Бай­қоңыр» ғарыш айлағының қыз­меті жөніндегі ынтымақтас­тықтың маңызын атап өтті. «Кеше ғана Ресей Федерация­сына сапармен барып келдім. Іс-сапар табысты болды деп бағалай­мын. Ресей Президенті Владимир Путинмен маңызды келіссөздер өткізілді. Соның ішінде Сіз жетекшілік ететін сала жөнінде де әңгіме­лестік. Қазір тиісті жобалар екі та­раптың да қарауында» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы­ның басшысы Қазақстан Президентіне «Прогресс-МС11» жүк кемесінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді. «Кеше әлемдік рекорд орнаттық. Бұған дейін көлік кемесі немесе экипаж Халықаралық ғарыш стан­сасына көп айналмалы сыз­ба бойынша екі тәулік ішінде жететін. Кеше ғарыш кемесі Жер­­ді екі рет айналды. Оның стан­­саға жақындауы және түйісуі 3 сағат 21 минут ішінде жү­­­зеге асты. Мәскеуден Бай­қоңыр­ға дейін үш сағаттай ұша­мыз. Енді Бай­қоңырдан Халық­аралық ғарыш стансасына да ша­мамен сонша уақытта жетуге болады. Қазір алдымызда одан да қысқа сызба жасау міндеті тұр», – деді Дмитрий Рогозин.
Кездесуде тараптар ғарыш саласындағы ынты­мақ­тас­тық­тың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бір­лескен «Бәйтерек» ғарыш жо­басының іске асырылу барысын талқылады.

Бөлісу: