Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды (видео)

778
0
Бөлісу:

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Түркияның Анталя қаласында өткен Гран-При турында алтын медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Сметов финалда өзбекстандық Кемран Нурилаевты «иппон» әдісімен жеңіп басым түсті.

Ол финалға дейін британиялық Эшли Маккензиді, әзірбайжандық Оруж Вализаданы, болгариялық Валентин Алипиевті және бразилиялық спортшы Фелипе Китадаиды жарыс жолынан шығарып тастады.

Гран-при сайысы кезінде тағы бір қазақстандық Галбадрах Отгонцецег күміс жүлде еншіледі. Ол финалдық бәсекеде Косово спортшысы Дистрия Красникиден жеңіліп қалды.

Абай Қазбекұлы

Оқи отырыңыз:

21 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚ ДЗЮДОШЫСЫ ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИДЕ ТОП ЖАРДЫ (ВИДЕО)

ДЗЮДОШЫ ЕЛДОС СМЕТОВТІ АУРУХАНАҒА АЛЫП КЕТТІ

Бөлісу: