Жәнібек жекпе-жекке шығады

538
0
Бөлісу:

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі кездесуіне қашан шығатыны белгілі болды.

Қазірге дейін бес жекпе-жек өткізіп, бесеуінде де жеңіске жеткен қазақ ұланы кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін 12 сәуір күні Лос-Анджелесте өткізбек. Staples Center аренасында ол мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады. Оливас осы күнге дейін 20 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан. 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған қарымды қарсылас. Осы жекпе-жекте мерейі үстем болған боксшы WBO Global және WBC Continental Americas вакантты белдіктерін иеленеді. Сондықтан да кездесудің маңызы өте жоғары.
Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі әйгілі украиналық боксшы Василий Ломоченко (12-1, 9 КО) мен британиялық Энтони Кролл (34-6-3, 13 КО) арасында өтеді. Жеңіл салмақтағы бұл кездесуде Ломаченко өзінің WBA және WBO белдіктерін қорғап қалу үшін шаршы алаңға шықпақ.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: