«Эйр Астана» TRIPADVISOR-ден жетекші аймақтық әуекомпаниясы сыйлығын алды

428
0
Бөлісу:

TripAdvisor дүниежүзілік саяхаттар сайты «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» санатының және «Азиядағы жолаушы жайлылығы» санатының жеңімпазы деп мойындады.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тағам мен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығын, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Ұйымдастырушылар әуекомпанияларының 2018 жылы әлем бойынша көрсетілген қызметін, рейтинг көрсеткіштері арқылы, пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

– Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады. Құлшынысымызды жоғары бағалап, осы марапаттың иегері болғанымызға қуаныштымыз, – деді компания президенті Питер Фостер. – TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және әрқашан бізбен боларына сенімдімін.

 

«Эйр Астана» туралы пікірлерді мына сілтемеден оқи аласыздар:

https://www.tripadvisor.co.uk/Airline_Review-d8728936-Reviews-Air-Astana

 

 

TRAVELERS’ CHOICE AWARDS туралы:

Travelers’ Choice Awards марапаты 7 аймақтағы әуекомпанияларға беріледі, оның ішінде Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америка, Оңтүстік-Тынық Мұхит аймағы және Океания, Таяу Шығыс. Марапат қызмет көрсетудің 4 класында анықталады: халықаралық бірінші класс, бизнес-класс, премиум эконом-класс және эконом-класс.

Жеңімпаз әуекомпаниялардың толық тізімі мына сілтемеде:

https://www.tripadvisor.com/TravelersChoice-Airlines.

Бөлісу: