Дәрігерлер зейнетке ерте шыға ма?

402
0
Бөлісу:

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдан бастап кейбір дәрігерлердің зейнетке шығу жасын қысқартуы мүмкін. Заңға өзгерістер енсе, хирург, акушер-гинеколог, неонатологтар зейнетке ерте шығуы мүмкін.

«Психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек», – дейді министрлік өкілдері.

Заңға өзгерістер енсе, ертерек зейнетке шығу үшін дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 миллион теңге жинақпен 55 жастан, ал әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.

«Бұрын Кеңес Одағы кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр»,– деді ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту РО менеджмент орталығының басшысы Салтанат Ыдырысова.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: