«Ордабасыға» ауысқан ойыншы жайлы не білеміз? (видео)

424
0
Бөлісу:

 Бірер күн бұрын ғана шымкенттік «Ордабасы» өз қатарын Зиги Бадибанга есімді бельгялық футболшымен толықтырды. 27 жастағы футболшы өз отанында «Андерлехт», «Шарлеруа» , голландиялық «Де Графсхапе», грекиялық «Эрготелис», «Астерас», кипрлік «Омония» және молдовалық «Шериф» командаларында ойнаған.

Бадибанга жасөспірім шағында Бельгияның жастар құрамасына (U-19 және U-21) шақырту алған. Бірақ одан кейін ұлттық құрамаға шақырту алмаған. Сондықтан ол алдағы уақытта өзінің шыққан тегі – Конго ДР құрамасына барып қалуы әбден мүмкін.

Кәсіби мансабында – Бельгия чемпионатын, кубогы мен Суперкубогын, Молдова Суперкубогын жеңіп алған. 2017 жылы Молдова чемпионатының ең үздік легионері атанды.

2017 жылы оған италиялық «Дженоа», «Торино», ресейлік «Динамо», «Уфа», «Ростов» клубтары қызығушылық танытты.

Былтырғы маусымда ол 30 матчта 12 гол соғып, 8 нәтижелі пас шығарған. Еурокубоктардағы тәжірибесі де өте бай. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында жалпы саны 36 кездесуде алаңға шығып, 9 гол салып, 3 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt.de бағалауынша оның трансферлік құны – 1,5 млн еуро. Ол негізінен оң қапталдағы вингер міндетін атқарады. Қажет болса орталық шабуылшы, екінші шабуылшы, шабуылдаушы хавбек позицияларында да ойнай береді.

Қазір «Ордабасы» Қазақстан чемпионатының үшінші турынан кейін 7 ұпай жинап төртінші орында келе жатыр. Шымкенттік ұжым келесі кездесуін 6 сәуір күні талдықорғандық «Жетісуға» қарсы өткізеді.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: