Қуат Хамитов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтты

698
0
Бөлісу:

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов аты әлемге әйгілі UFC промоушенге шығу туралы ойымен бөлісті.

Спортшының айтуынша, ол жерлестерін қуанту үшін UFC-де төбелесуге дайын. Алайда ол ә дегеннен алғашқы жекпе-жегін Лас-Вегаста өткізгісі келетінін жеткізді.

«Лас-Вегаста тұңғыш жекпе-жегіме шығу – менің арманым. Еліміздегі ММА-ның әрбір фанаты өз жерлестерін Вегастан көргенге қатты қуанады деп ойлаймын. Сен қай жерде кездесу өткізсең де ол Вегастағыдай болмайды. Бәрі менен неліктен Америкаға барып жаттықпайсың деп сұрайды. Менің жауабым – қай кезде сол жақта төбелесуді бастаймын сол кезде АҚШ-қа барып жаттығамын» дейді спортшы.

Абай Қазбекұлы

Ұқсас материалдар:

ҚУАТ «НАЙМАН» ХАМИТОВ ОТАНДЫҚ ФУТБОЛДЫ ТАҒЫ ДА СЫНҒА АЛДЫ

UFC-ГЕ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҚАШАН ШЫҒАДЫ?

«НАЙМАН» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРДЫ СЫНАП ТАСТАДЫ

Бөлісу: