ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДА БАҒАНЫ РЕТТЕУДІҢ ИКЕМДІ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

502
0
Бөлісу:

2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстанның барлық ішкі бағыттарындағы бағаны реттеудің икемді жүйесі енгізілді. Бұл 52 негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттарда жүзеге асады.
Бағаларды реттеудің икемді жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша енгізілген. Бұл көптеген әуе және жер үсті тасымалдаушылар жұмысында кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибе.
Жолаушы еліміз ішіндегі кез келген бағытқа 45 күн бұрын билеттерді 25 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік көлемі бос орындар мен пойыздың жүруіне дейінгі қалған күндер санына байланысты. Жөнелтілу күніне жақындаған сайын баға өсе түседі, бірақ та 25 пайыздан аспайды.
Жоғарыда аталған негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттардан өзге тағы 14 коммерциялық бағыттар бойынша пойыздар жүруде, соның 9-ы «Тальго» вагондарымен жасақталған.
ҚР заңнамасына сәйкес мынадай аспектілерді: жолаушы ағыны, мерекелік күндердегі жоғарғы сұраныс, басымдықты бағыттар және өзге де жайттарды ескере әрі саралай келіп, коммерциялық бағыттарға бағаны тасымалдаушы белгілейді.
Осыған байланысты, аталған бағыттардағы билет бағасы -35% бен +35% дейін жасақталады. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей Қоғамның дамуына, жаңа сервистік қызметті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға және процестерді автоматтандыруға бағытталады.
Ұлттық тасымалдаушы сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға және пойыз билеттерін күні бұрын сатып алуға кеңес береді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: