Ауылдағы жас дәрігерлерге жағдай жасалады

332
0
Бөлісу:

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір басшыларына жас дәрігерлердің ауылда қалуына нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

–  Жас мамандардың ауылдарда тұрақты жұмыс істеп, елдімекендерде қалуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыруды тапсырамын. Мысалы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жас мамандарға жоғары көтермеақы төленеді. Ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылған, –  деді Асқар Мамин.

Соған орай Үкімет басшысы өңір әкімдеріне мұндай бастамаларға көңіл бөлу керегін ескертіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын Үкімет деңгейіне көтеріп, бір айдың ішінде Премьер-Министр кеңсесіне бекіту үшін енгізуді тапсырды.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: