Дуалды оқыту кәсібилікті шыңдайды

409
0
Бөлісу:

Атырауда Білім және ғылым министрлігі  APEC PetroTechnic колледжі базасында  республикалық және аймақтық БАҚ үшін пресс-тур ұйымдастырды. Ол «Ембімұнайгаз» АҚ-да дуалды білім беруді енгізу тәжірибесіне арналды. 

Елбасы Н.Назарбаевтың 2011 жы­лы әлемдік деңгейдегі колледж­дер желісін құру тапсыр­ма­сымен елімізде «Кәсіп­қор» хол­дин­гі құры­лып, 2013 жылы хол­динг­тің ал­ғаш­қы жобасы APEC PetoTechnic жоғары техникалық колледжі» ЖШС ашылды.
APEC Petro Technic – бұл сапа­лы деңгейдегі білім беру қыз­мет­терін ұсынатын, мұнай-газ секто­рын­да жұмыс істеуге ниетті түлек­тер­ге арналған жоғары деңгейдегі колледж. Оқу орнының басқа оқу орындарынан ерекшелігі – білім ор­дасында шетелдік мұнай-газ ком­панияларының халықаралық стан­дарттары мен талаптарына не­гізделген жаңа білім беру бағ­дар­ламаларының пайдаланылуында. Колледж студенттері ағылшын ті­лін­де оқиды. Білім берудегі маңыз­ды тұсы – оқыту әдісі. Кол­ледж­дегі дуалды оқытудың нә­ти­же­сінде оқытушылар студенттерді жұ­мыстың тәжірибелік дағды­ла­ры­на баулып, оқу орнын бітірген соң түлек осы тәжірибе көмегімен жұмысқа оңай кірісіп кетеді. Бұл орай­да колледж Қазақстанда ше­тел­­дік және отандық компания­лар қолданатын құрал-жабдық­тар­мен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда дуалды білім беру жүйесі – техникалық мамандарды даярлаудағы ең тиімді әдіс. Аталған формат оқу үрдісінде теория мен тә­жірибені қатар меңгеруге мүм­кіндік береді. Өндіріс орны үшін бұл – өздеріне кәсіби маман даяр­лап алу, қызметкерлерді іздеу және таң­дау барысында шығынды азай­туға, оларды қайта даярлап, бейім­деу жағынан тиімді. Ал білім алу­шы­ларға өз мамандығы бойынша өн­діріс орнына тез бейімделуге жә­не оқу бітірген соң жақсы жұ­мыс­­қа орналасуға мүмкіндік бере­ді.
Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған пресс-турдың мақ­саты – APEC PetoTechnic жо­ғары техникалық колледжінің үл­гісі бойынша елдегі отандық кә­сіп­тік білім беру саласындағы жетіс­тіктермен таныстыру және «Ембімұнайгаз» компаниясымен дуалды оқу жүйесінің сәтті жүзеге асы­рылуына көз жеткізу.


Екі күнге арналған шараға қа­тысушылар алдымен APEC PetoTechnic жоғары техникалық кол­лед­жінің оқу және тәжірибелік зерт­ханасымен танысып, «Жайық­мұнайгаз» МГӨБ қарасты С.Бал­ғым­баев кен орнының базасында, дуал­ды бағдарлама аясында тәжі­рие­беден өткен студенттермен кез­десті.
– Туған жерім Өскеменде 11-сы­ныпты бітіргеннен кейін бі­лі­­мімді қай жерде жалғастыра­ты­ным­ды таңдадым. Бақытымызға қа­рай, сол кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ республиканың мұнай-газ са­ласы бойынша жас мамандарды даяр­лау үшін гранттар бөлді, Шы­ғыс Қазақстан облысына сол кезде 5 квота бұйырған еді. Мұнай және газ саласы бойынша кен орын­да­рын пайдалану мамандығы бойын­ша APEC PetoTechnic жоғарғы кол­леджіне ағылшын тілінен де ем­тиханнан сәтті өттім. Менің анам мемлекеттік қызметкер еке­нін және туыстарымның бірде-бі­реуі мұнай өнеркәсібінде жұмыс іс­те­мейтінін атап өткім келеді. Оқу­дың соңғы курсында ЕМГ-дегі дуал­ды оқытуға таңдадым. Алты ай бойы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ қа­расты «Оңтүстік – Батыс Камы­ши­­тов» кен орнында тәжірибеден өтіп, APEC PetoTechnic жоғарғы кол­леджін бітіргеннен кейін ар­найы тестілеу нәтижесінде, осы ком­панияға жұмысқа қабыл­дан­дым. Қазір «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қарасты «Молдабек» кен ор­нында ғылыми-зерттеу бөлі­мі­нің операторы болып жұмыс істей­мін. Жақсы жалақы ғана емес, әр­түрлі қосымша әлеуметтік тө­лем­дермен де қамтамасыз етіліп отыр­мын. Вахталық кезекті дема­лыс уақытында ҚБТУ мен APEC PetoTechnic жоғарғы колледжінің бір­лескен жоба негізінде аталмыш кол­ледж базасында жоғары білім алу үшін оқып жүрмін, – дейді ком­­панияның жас қызметкері Нұрлан Советқанов.
Әлемдік деңгейдегі колледждің та­лаптарына сай білім беретін APEC PetoTechnic жоғарғы коллед­жінде жалғасқан шараның екінші күні жұмыс берушілердің, рекру­тингтік компаниялардың, Білім және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда кәсіптік дамуды ары қарай дамыту мүм­кін­діктері және оқу орындарымен сту­денттердің тәжірибеден өтуі және түлектерді жұмысқа орналас­тыру үшін бірлескен жобалар тал­қыланды.
– Бүгінгі күні дуалды оқыту жүйе­­сі – техникалық мамандарды даярлаудың ең тиімді нысан­дары­ның бірі. Бұл форма оқу үрдісінде теория мен практиканы біріктіруге мүмкіндік береді. Кен орнында болғанымызда APEC PetoTechnic жоғарғы колледжінің алғашқы тү­лектерінің еңбек етіп, кәсіби білік­тілігіне сай жоғары жалақы алып отырғанын білдік, – деді Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі Майраш Тайкенова.
Колледжде өткен дөңгелек үс­тел­де «Кәсіпқор» холдинг басқар­ма басшысы Ермек Күзенбаев атал­ған оқу орнының ерек­ше­лік­тері мен мамандық дайындаудағы нәтижелері туралы кеңінен сөз қозғады.
– Биылдан бастап «Жас маман» ат­ты жоба жүзеге асады. Соған орай, еліміздегі 180 колледж және 20 жоғары оқу орны халық­а­ра­лық стандартқа сай құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етіледі. Осы­ның нәтижесінде, студенттер тео­рия мен практиканы қатар мең­геріп, әлемдік деңгейдегі талап­тар­ға сәйкес білім алып, білікті маман болып шығады. Біздің мақса­ты­мымыз – бәсекеге қабілетті маман дайын­дау, – дейді Ермек Күзен­баев.
Айтса айтқандай, оқуға ниетті әрі өзара бәсекелестікпен оқуға түсуге талпынып жүрген жастар­ға, APEC PetoTechnic жоғарғы кол­ледж­дінде білім аламын, кәсіби ма­ман боламын деген арманы ас­қақ жандарға барлық жағдай жа­сал­ған. Үш тілде оқу мето­дика­сы­мен толық жабдықталған, шә­кірта­­қы­сы, теория мен прак­тикасын са­лыстырмалы түрде қатар жүргізіп шыңдайтын және саламатты өмір салтын ұстауға қажеттінің барлығы бар колледж бүгінде еліміздегі шет­елдік мамандарды жұмыс ры­ногынан біртіндеп шығаруға той­тарыс бере алатын оқу орны болып отыр.
– Оқуға түсу де, ағылшын тілін тез меңгеріп кету де оңай болмады. Бірақ оқудан шығып қалмас үшін, мақ­сатқа жету үшін екі ай уақытта ағыл­шынша еркін сөйлеуге үйре­ніп кеттік. Колледждің артықшы­лы­ғы – теориялық білім мен прак­тиканың ұштасуы. Таңертең сабақ, түстен кейін зертханада таңертең оқыған сабақты практикалық тұр­ғыда өтесің. Мұғалімдеріміз жан-жақты сауатты, әр шәкіртті жеке-дара маман деп қабылдап, бар ілі­мін үйретеді. Диплом алған күн­нің ертеңіне жұмысқа тұрдым. Бі­лімге ынтаң болса, жұмысқа та­ныс­сыз-ақ орналасуға болады, – дейді қазір «ЛоджикСервис Қа­зақ­стан» ЖШС техникалық ди­рек­торы лауазымында жұмыс істейтін Серік Сұңғатов.
Артықшылығы мол кол­леджде оқитын студенттер «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының техно­логиясы», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Электр­мен қамтамасыз ету» (са­лалар бойынша), «Мұнай және газ өндіру технологиясы», «Химиялық инженерия технологиясы», «Ба­қылау-өлшеу құралдары (БӨҚ) ин­жинирингі технологиясы» қа­тарлы мамандықтар бойынша бі­лім алады. Бұл мамандықтар – мұнай-газ өндірісі мол Атырау өңі­рі үшін ауадай қажет маман­дық­тар. Бүгінгі таңда APEC PetoTechnic жоғарғы колледжі 40-тан аса компаниялармен келісімшарт­қа отырған. Олар өз таңдауларына сай жас мамандарды жұмысқа алып, тәжірибелерін үйретіп, ма­манның кәсіби деңгейде аяқтан тұруын жауапкершілікке алады.
Министрлік пен колледж басшылары, жұмыс беруші тарап­тар қатысқан жиында «Ембі­мұнай­газ» АҚ-ның қызметкерлерді бас­­қару және еңбекақы төлеу де­пар­таментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова:
«2015 жылдан бастап қазіргі уа­қытқа дейін 93 студент дуалды жүйе бойынша оқуды аяқтады. Оның 40-ы қорытынды бойынша тес­тілеуде ең жоғарғы балл жинап, бүгінде компанияда жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында дуалды оқытуға іріктеуден өткен 43 сту­дент өздерінің жұмысын жалғас­тырып жатыр», – деп атап өтті.
Сайып келгенде, бүгінгі таңда APEC PetoTechnic жоғарғы кол­лед­жін бітірген түлектер мемлект­тік үлгідегі дипломмен бірге, ха­лық­аралық стандартқа сай серти­фикаттар алып шығады. Бұл осы оқу орнын бітірген білімді де жас ма­ман білерліктей деңгейдегі тә­жірибесі бар түлектерге отандық жә­не шетелдік компанияларға жұ­мысқа тұруға даңғыл жол ашып отыр. Дуалды оқытудың тиімділігі жас­­тардың 200-300 мың теңге жа­лақы алатындай, лауазымды жұ­мыс­қа таныссыз тұруына септігін тигізіп отыр. Білім алудағы артық­шы­лықты айқындап тұрған тәжі­рибе елімізде дамыса, еліміздегі ше­тел­дік мамандарға сұраныс азайып, отандық мамандар тұрақ­ты түрде жұмыспен қамтамасыз еті­леді.

Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау облысы

Бөлісу: