Пәкістанда жасалған тауарлар көрмесі

432
0
Бөлісу:

Алматыда «Made in Pakistan» көрмесі ашылады.

Алматы қаласындағы «АТАКЕНТ» көрме орталығында 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның барлық аймақтарынан бизнес және іскерлік топтың өкілдері жиналатын екінші «Made in Pakistan» 2019 ұлттық көрмесі өтеді. Пәкістанның 8 провинциясынан 100-ден астам компания өзінің үздік тауарларын, жаңа өнімдерін және қызметтерін көрсетеді.

2016 және 2017 жылдарда ұқсас іс-шараларды сәтті ұйымдастырғаннан кейін Халықаралық даму жөніндегі Пәкістандағы АҚШ Аймақтық агенттігінің (PREIA USAID) қолдауымен Пәкістан Сауданы дамыту басқармасы (TDAP) Алматы қаласында сәуірге дейін «Пәкістанда жасалған» көрмесін ұйымдастырады.

Көрменің ашылу салтанатына Атамекен аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай мырза мен Төтенше және өкілетті консул Dr. Imtiaz Ahmad Kazi мырза қатысады.

– Бұл көрме Қазақстанның және Пәкістанның іскерлік мүдделерін жылжытуға және нығайтуға бағытталған және екі елдің бизнесмендері арасындағы іскерлік өзара қарым-қатынасқа ықпал етеді, – деді Алматы қаласындағы Пәкістанның коммерциялық консулы Басит Салим Шах мырза.

«Made in Pakistan» көрмесінің мақсаты пәкістандық компаниялардың өнімдері мен қызметін Қазақстан тұрғындарына және іскерлік қоғамдастыққа көрсету. Сонымен қатар Қазақстан мен Пәкістан арасында экономикалық байланыстарды жылжытуға ықпал етеді.

Көрмеде жетекші пәкістандық кәсіпорындар, атап айтқанда ауыл шаруашылығының өнімдері, тоқыма және киім, дизайнерлік киім, қолөнерлік және дәстүрлі тоқыма бұйымдары, косметика және шөп өнімдері, фармацевтикалық препараттар, асхана құралдары, бағалы тастар және әшекейлік бұйымдар, жиһаз, кілем жабындары, мәрмәр және қызметтер ұсынылады.

Пәкістан саудасын дамыту басқармасы (TDAP) көрме уақытында алғаш рет Пәкістандық шеберлер жұмыстарының әсерлі үлгілерімен арнайы стендт орнатады. Сол арқылы келушілер Пәкістанның керемет мұрасын көре алады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: