Нұр-Сұлтанда 1 сағатқа жарық сөнді

358
0
Бөлісу:

Өткен сенбіде  кешкі сағат 19.30-22.00 аралығында «MEGA Silk Way» СОО «Жер сағаты – 2019» халықаралық акция өтті. Онда ғаламшар табиғаты мен ресурстарына ұқыпты және жауапты қарауға назар аударатын экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд астам адам қатысты. Бұл акцияға 175 елдің 7000 қаласының тұрғындары қосылды. 

Биылғы жылы акция әлемде 13-рет өткізілді. Барлық адамды наурыз айының соңғы сенбісінде жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты өшіруге шақырады. Жыл сайын акция аясында Биг-Бен және Вестминстер сарайы, Эйфель мұнарасы, Колизей, Египет пирамидалары, Ватикандағы Әулие Петр Соборы, Афина акрополі, Сидней опера театры, Нью-Йорктегі Эмпайер-стейт-билдинг және т.б. сияқты танымал көрікті жерлерде бір сағатқа жарық сөндіріледі. Міне, соған орай Астанада сағат 20.30-да  «НҰР-Әлем» сферасы, «MEGASilkWay» СОО, Триумфалды Арка, Астана-Бәйтерек монументі, «Астана Опера» опера және балет театры, «Қазмедиа орталығы» телеорталығы, «Қазақстан темір жолы» РМК әкімшілік ғимараты, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім мұражайы, Хазірет Сұлтан мешітінің жарығы сөнді.

Акцияның ұйымдастырушылары – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл экономика және G-Globalды дамыту коалициясы» ЗТБ, қала әкімдігі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен «Тұрақты даму Жер қоры» ҚҚ. Серіктестері: БҰҰ Даму бағдарламасы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры, «MEGA Silk Way» СОО, «EXPO&Women» ХҰ.

«Айқын» ақпарат

Суреттер: Советбек Мағзұмов.

 

 

Бөлісу: