Назарбаева балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерді айыптады

442
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Атырау қаласындағы сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттағы тәртіпсіздік деректеріне алаңдаушылық білдірді.

Прокуратураның мәліметтері бойынша, интернатта ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 98 бала бар. Прокурорлар мүгедек балаларға қатысты тәрбиешілердің қатыгездік көрсетіп, күш қолданғанын анықтады. Интернат тәрбиешілері балаларды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, жұмысқа мәжбүрлеген болып шықты.

Сенат басшысы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен кінәлі адамдар заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс, деп есептейді. «Біз қорғанышы жоқ мүгедек балаларға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге ашу-ыза білдіреміз. Бұл интернаттағы балалардың өмірі түбегейлі өзгеруі керек деп санаймын. Ол біздің назарымызда болады. Мұндай жағдайлар әлеуметтік қызметтердің олқылықтары деп білемін», – деді Д.Назарбаева.

Бұл дерек жоғарғы Палата депутаттарының ерекше бақылауында болады.

Айта кетейік, Атырау облыстық прокуратурасы психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттағы балаларға тәрбиешілер тарапынан күш көрсетіліп келген дерегін анықтаған. Интернат тәрбиешілері балаларды ұрып, оларға жұмыс  істеуге мәжбүрлеген.

«Aiqyn» ақпарат

Бөлісу: