Украинадағы сайлау: Кандидаттар арасындағы дау

757
0
Бөлісу:

Украинада президент болуға кандидаттар «Общественный» телеарнасындағы «Обратный отсчет» бағдарламасындағы саяси дебатқа келмей қойды.

Дебатқа келуден бас тартқандардың ішінде басты үміткерлер Петр Порошенко мен Владимир Зеленский бар. Студияға келген экс-премьер және «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко аз уақыттан соң кетіп қалған.

«Мен шақыртуды құрметтеймін. Мен келдім. Біз жеңгеннен кейін осы студияға келуге дайынмын. Алғысым зор. Бірақ маған түсіністікпен қараңыздар» деген Тимошенко.

Оқи отырыңыз – ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ: ЕГЕР БІЗ ЖЕҢЕТІН БОЛСАҚ – БҰЛ ҚЫРЫМДЫ ҚАЙТАРЫП АЛУҒА ДЕГЕН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ БОЛМАҚ

Соңғы деректер бойынша президенттік сайлауда Владимир Зеленский оза шабуы мүмкін. Бұл жағдайда Порошенко басқа үміткер Тимошенкомен бірге екінші және үшінші орындарды бөлісуі ықтимал. «Рейтинг» әлеуметтік тобының сауалнамасына сәйкес Зеленский әзірге 26,6 пайызбен бірінші орында тұр. Ал Порошенко мен Тимошенконың еншісіне 17 пайыздан тиген.

Еске салсақ, Украинадағы сайлау ертең, 31 наурыз күні өткізіледі. Қажет болған жағдайда екінші тур 21 сәуірге белгіленген. Мемлекет басшысы қызметіне 39 кандидат талас жүргізеді.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: