«ҚАЛАМҚАСТАҒЫ» ӨРТ: АПАТТЫҢ ЗАРДАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

459
0
Бөлісу:

«Қаламқас» кен орнындағы апат орнында ілеспе судың  талдау нәтижелері сульфаттар тұзының, хлоридтердің, азот тобының және мұнай өнімдерінің жоғары мөлшерін көрсетті. Бұл туралы   Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орнындағы апат фактісі бойынша тексеру барысында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің жылжымалы зертханасы мен «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында «Қаламқас» кен орнының № 8237 ұңғымасының айналасы мен Каспий теңізіндегі атмосфералық ауаның, топырақтың және ілеспе судың сынамаларын іріктеп алды.

Атмосфералық ауаны зертханалық талдау нәтижелері бойынша апат орнында № 8237 ұңғыма ауданында келесі заттар бойынша концентрациялары анықталды: көміртек оксиді – 5 ПДК, күйе – 5 ПДК, метан – 50 ПДК, бұл апат нәтижесінде газдың бөлінуімен және оның жануымен байланысты.

Сондай-ақ, кен орнының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында өлшеулер жүргізілді (СЗЗ-1 км). Зертханалық талдаудан соң атмосфералық ауада ластаушы заттардың артуы мен жоғары концентрациясы анықталған жоқ.

Ал апат орнында ілеспе судың сынамасын  талдау нәтижелері сульфаттар тұзының, хлоридтердің, азот тобының және мұнай өнімдерінің жоғары мөлшерін көрсетті.

Бұрын айтылғандай, жер бедеріне мұнай табылған жоқ, № 8237 ұңғымадан Каспий теңізінің қорғау бөгетіне дейінгі қашықтық 4,5 км құрайды, теңізге ілеспе судың түсуі мүмкін емес дейді талдаушылар.

2019 жылғы наурыздағы Каспий теңізінің теңіз суларының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Бозашы түбегі ауданында ПДК-дан артық ластаушы заттар табылған жоқ. Теңіз суының сынамаларын талдау 29 көрсеткіш бойынша жүргізілді, оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық заттар және ауыр металдар.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері белгіленіп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың мердігеріне «СиБу «Инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС-не тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады.

 

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: