Алматы облысында алма бағын өртегендерді іздестіруде (видео)

648
0
Бөлісу:

Әлеуметтік желіде өртке оранып жатқан алма бағының видеосы таралып жатыр.

Белгілі меценат Марғұлан Сейсембай өзінің инстаграм парақшасында бұл қылықты жасағандарды айыптады.

«Жаңа осы видеоны маған жіберді. Бұл не деген зұлымдық, адамсыздық! Алматы облысындағы жағдай деп маған whatsupпен жіберді. Егер оған арнайы от салмаса баулар олай жанбайды. Бағбанның еңбектерін біле отырып мен олардың сезімі мен ашуларын әбден түсінемін. Көріп білгендер болса, куәгерлер, осында жазып жіберсеңіздер комментте» делінген Марғұлан Сейсембайдың жазбасында (пост авторының жазбасы өңделмей салынды).

View this post on Instagram

Пост на русском внизу.?? Сады. Пожар. Поджег. Жаңа осы видеоны маған жіберді. Бұл не деген зұлымдық, адамсыздық! Алматы облысындағы жағдай деп маған whatsupпен жіберді. Егер оған арнайы от салмаса баулар олай жанбайды. Бағбанның еңбектерін біле отырып мен олардың сезімі мен ашуларын әбден түсінемін. Көріп білгендер болса, куәгерлер, осында жазып жіберсеңіздер комментте. _____________________________ Сейчас прислали ужасное видео вандализма, скотства и бесчеловечности! Мне прислали по вотсапу написав что это у нас, в Алматинской области. Если специально не поджигать, сады так не могут гореть. Зная труд садоводов не понаслышке, представляю что это такое! Если кто видел, свидетели или кто владеет информацией, напишите пожалуйста здесь в комментах.

A post shared by Маргулан Сейсембай (@margulan_seissembai) on

Араға уақыт салып Марғұлан Сейсамбай өрт жайындағы тағы бір пост жариялады. Ол жазбасында: «Достар, менің кешегі постымнан кейін маған Алматы облысы әкімшілігінің адамы шығып Алматы облыстық ТЖД департаментінде ондай төтенше жағдай тіркелмеді деген ақпарат берді. Бірақ сол өртті көрген, не қай ауылда болғанын білетін адам болса маған хабарласқанын сұраймын» делінген.

«Aiqyn» ақпарат

Бөлісу: