Маңғыстау әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан отбасыларға 13 млн теңге бөлді

724
0
Бөлісу:

Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі кешкі 5-тер шамасында Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: