«Манчестер Юнайтед» бас бапкерді тағайындады

463
0
Бөлісу:

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы 46 жастағы маман Оле-Гуннар Сульшерді бас бапкер қызметіне ресми түрде тағайындады. Бапкер мен клуб арасындағы жаңа келісім үш жылға жасалған.

Еске салсақ, былтыр португалиялық маман Жозе Моуриньоның отставкасынан кейін норвегиялық «Мольде» бас бапкері және «МЮ» бапкерінің ассистенті Сульшер уақытша бас бапкерлік қызметке кіріскен болатын. Оның басшылығымен «қызылдар» 19 матч өткізіп, 14 жеңіс олжалап, екі рет тең ойнап, 3 рет жеңілді.

Оқи отырыңыз – СУЛЬШЕР АЛЕКС ФЕРГЮСОННАН ДА АСЫП ТҮСТІ МЕ: МЮ-ДЫҢ ЖАҢА БАПКЕРІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ (ФОТО)

Әсіресе, олардың Чемпиондар лигасының 1/8 финалында екі ойын қорытындысы бойынша «ПСЖ»-дан басым түскені үлкен ерлік болғаны сөзсіз. Қазір олар АПЛ-да 31 турдан кейін бесінші орында келе жатыр.

«Бұл менің арманым еді. Бұл арманды қаншама уақыт өз ішімде ғана сақтадым. Мұндай ірі клубты баптау – мен үшін үлкен құрмет. Бақыттымын. Енді ауыр әрі қызықты, жағымды жұмыс басталады. Барынша табысқа жетіп, кубоктарды төбемізге көтергіміз келеді. Алдағы «Барселонамен» болатын матч (Чемпиондар лигасында) қиынға соғады. Бірақ біз бұл өткелді де бағындыруымыз керек» дейді Оле-Гуннар Сульшер.

Оқи отырыңыз – «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» АРАБ ХАНЗАДАСЫНЫҢ ИЕЛІГІНЕ ӨТУІ МҮМКІН

Норвегиялық «Мольде» клубы өз кезегінде осы жағдайға байланысты өтемақы алуға ниетті.

«Мольде» Сульшер үшін өтемақы алады. Бірақ оның қанша ақша болатыны әлі белгісіз. Осы мәселе бойынша «МЮ» басшылығымен келіссөз жүргізіп жатырмыз» дейді норвегиялық клубтың директоры Ойстен Нирланд.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: