«Барселонаның» бүкіл тарихындағы ең үздік гол анықталды (видео)

423
0
Бөлісу:

Каталониялық клуб жанкүйерлері дауыс беру арқылы «Барселона» тарихындағы ең үздік голды анықтады.

Нәтижесінде, команда капитаны Лионель Мессидің 2006/07 маусымындағы Испания кубогының жартылай финалында «Хетафе» қақпасына соққан голы ең үздік деп танылған.

Негізі 60 іріктеу раундынан кейін финалға Мессидің орындауындағы үш гол мен Серджио Робертоның бір голы шыққан. Аргентиналық шабуылшының «Хефате» қақпасына салған голы жанкүйерлердің 45 пайыз дауысын жинап, бірінші орын иеленген. Екінші және үшінші орынды да Мессидің голдары еншілеген. Ал Серджио Робертоның Чемпиондар лигасында «ПСЖ» қақпасына салған голы үздік төрттікті түйіндейді.

Дауыс беру үш айға созылып, оған 160 елден 500 мыңнан астам адам қатысқан.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: