Мәдина Әбілқасымова – Ұлттық банк төрағасының орынбасары

1452
0
Бөлісу:

Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Қазақстан Республикасының  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет атқарды. 21 ақпан күні Елбасы Үкіметті отставкіге жіберіп, Мәдина Әбілқасымова қызметсіз қалған болатын. Ол наурыздың 12-і күні Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне кірісті. Алайда бұл жұмысты ол жарты ай ғана атқарды.

 

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда туған.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген Еңбек жолын 1999 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы болып бастаған.

2003 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы.

2004 жылдан 2006 жылға дейін – «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры.

2006 жылғы ақпаннан 2008 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылғы наурыздан 2011 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары 2013 жылғы ақпаннан 2014 жылғы тамызға дейін – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу: