Қарағандылық әкім-қаралар әлеуметтік желілерге тіркелді

520
0
Бөлісу:

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарының әкімдері тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күні әкімдер арасында әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар қатарында Сәтпаев, Саран қалаларының және Осакаров пен  Жаңаарқа аудандарының әкімдері бар. Олардың пікірінше, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін жұмыста пайдалану өте ыңғайлы. Бұл тұрғындармен тікелей байланыс орнатып  қоймай, қол астындағы қызметкерлер жұмысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

–Тұрғындармен тікелей жұмыс істеу, ең түйткілді мәселелерді шешу үшін тегтерді қолдану аппаратқа қандай да бір проблемаларды назардан тыс қалдырмауға мүмкіндік береді. Мұндай байланыс өте маңызды, себебі  әкімдік жұмысының нақты нәтижесін дәл осылай бағалауға болады. Жалпы, барлық бөлімдер мен орынбасарлар әлеуметтік желілер арқылы өтініштер бойынша жеке қатаң бақылауда екенін біледі, сондықтан салғырттыққа бой бермей, қандай да бір мәселелерді тиімді шешуге тырысады, – дейді Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

 Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: