«111» нөміріне хабарласып атаулы әлеуметтік көмек туралы біліңіз

1264
0
Бөлісу:

Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы 1 сәуірден бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желіні» ашты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.

Сонымен қатар, қосымша анықтамалық ақпаратты өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

 

Қала, облысБайланыс тел.
1)Нұр-Сұлтан8 (7172) 55-68-00, 8 (7172) 55-68-00
2)Алматы8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24
3)Шымкент8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29
4)Ақмола облысы8 (7162) 29-86-24, 8 (7162) 29-86-27, 8 (7162) 29-86-26, 8 (7162) 29-86-25
5)Ақтөбе облысы8 (7132) 54-34-97, 8 (7132) 54-34-97
6)Алматы облысы8 (7282) 32-96-69, 8 (7282) 32-96-69, 8 (7282) 32-96-69
7)Атырау облысы8 (7122) 32-48-28, 8 (7122) 32-48-28
8)Шығыс Қазақстан облысы8 (7232) 75-17-90, 8 (7232) 75-17-90
9)Жамбыл облысы8 (7262) 45-55-60, 8 (7262) 45-55-60
10)Батыс Қазақстан облысы8 (7112) 51-42-47, 8 (7112) 51-42-47
11)Қарағанды облысы8 (7212) 43-20-94, 8 (7212) 43-16-80
12)Қостанай облысы8 (7142) 50-16-11, 8 (7142) 50-16-11
13)Қызылорда облысы8 (7242) 27-41-65, 8 (7242) 27-41-65
14)Манғыстау облысы8 (7292) 60-52-53, 8 (7292) 60-52-53
15)Павлодар облысы8 (7182) 90-31-42, 8 (7182) 90-31-42
16)Солтүстік Қазақстан облысы8 (7152) 46-73-51, 8 (7152) 46-73-51, 8 (7152) 46-73-51
17)Түркістан облысы8 (72533) 5-95-54, 8 (72533) 5-95-54

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары мен балалары үшін «111 шұғыл қызметі» 2016 жылы балалар мен азаматтардың күрделі өмірлік жағдайларын жедел шешуге көмек көрсету, әлеуметтік, психологиялық, заң және ақпараттық, еңбек мәселелері және халықты азаматтардың құқықтары туралы ағарту мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету мақсатында құрылды.

Тұмар Мырза

Бөлісу: