Тікұшақ апаты: Қаза болғандардың аты-жөні анықталды

380
0
Бөлісу:

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған тікұшақ апатында қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды.

Тікұшақта болған экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев және борт технигі, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев көз жұмды.

Бортта болған майор Д.А. Қоңырбай, капитан С.М. Масалим, аға сержант М.Р. Шәріпов, кіші сержант А.Т. Абдулманов, аға лейтенант Г.К. Рахымбаев, евфрейторлар: Б. Байбақов, М.А. Жұматов, А.Т. Әбділдинов, К. Сарқытбаев қайтыс болды.

Айта кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы аумағында бортында 13 адам бар әскеру ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған болатын.

Президент тікұшақта қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: