Президент тікұшақта қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

364
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты.

– Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде «Ақтау – Шымкент» бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған Қорғаныс министрлігінің комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»,– делінген ресми хабарламада. Әуе апатынан 13 адам қаза болды. Апаттың себептерін қосымша хабарлайтын боламыз.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу: