Ересектерді латын қарпімен дұрыс жазуды үйрету басталады

511
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты  латыннегізді қазақ жазуын  меңгертетін  республикалық  шара  басталды.

Шараның басты  мақсаты – латыннегізді  қазақ  әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Жаңа қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы, төл және кірме, бірге және бөлек, күрделі және қысқарған сөздердің, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шеттілдік сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы, жаңа әліпбиді меңгертудегі жаңа IT жобалар туралы ақпарат берілді.

Курсқа республикалық оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен тұратын 30 адам  қатысуда.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: