Тоқаев: Бюрократиялық кедергі болмасын

461
0
Бөлісу:

Президент аймақ әкімдерінің қатысуымен өткен жиында Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында ел астанасы мен қала көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру Елбасының еңбегін айшықтайтын тарихи оқиға деп бағалады.

Өзгерістерге орай Президент елорда әкіміне барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың астананы қайта атауына байланысты жұмысын реттеуді тапсырды. Одан бөлек, Үкіметке электрондық және туристік визаларға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері мен ҰҚК Шекара қызметі елорда атауының өзгеруіне байланысты бұрынғы құжаттардың мерзімі аяқталғанша еш бюрократиялық кедергі келтірмеуі тиіс.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: