Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті (видео)

532
0
Бөлісу:

Кипр астанасы Никосияда жергілікті құрама ЕУРО-2020 іріктеу кампаниясы аясында Бельгияны қабылдап, 0:2 есебімен жеңілді.

10 минутта Эден Азар гол соқса, сегіз минуттан соң Миши Батшуайи мергендігімен танылды. Осылайша, Бельгия құрамасы алты ұпай жинап, көш басына шықты. Роберто Мартинес шәкірттері келесі кездесуін 8 маусым күні Брюссельде Қазақстан құрамасына қарсы өткізеді.

«Матчты жақсы бастасақ әрі қарай сәтті өрбитінін түсіндік. Алғашқы 30 минут өзіміз ойлағандай болды. Сосын ойынды бақылауда ұстауға тырыстық. Бірақ қиынға соқты. Өйткені алаң өте құрғақ екен. Ең бастысы еншімізде алты ұпай бар. Біздің мақсатымыз – тезірек Еуропа чемпионатына жолдама алу. Барынша тырысып, барлық кездесуде жеңіске жету керек. Маусым айында бізді маңызды матчтар күтіп тұр» депті Бельгия құрамасының көшбасшысы Эден Азар матчтан кейін.

Бұған дейін Бельгия өз алаңында Ресейді 3:1 есебімен жеңген еді. Ал 24 наурыз күні Ресей құрамасы «Астана-Аренада» Қазақстанды 4:0 есебімен ойсырата жеңген. Ал 21 наурыз күні Қазақстан өз алаңында Шотландия қақпасына жауапсыз үш гол соққан еді. Кипр болса бірер күн бұрын Сан-Мариноны 5:0 есебімен жеңген. Осылайша, топтағы 6 команданың бесеуі бір-бірін жеңіп, 3 ұпайдан жиып алды. Әзірге турнир кестесі мынадай:

I тобы:

  Доп айырмашылығыҰпай
1Бельгия5-16
2Кипр5-23
3Ресей5-33
4Қазақстан3-43
5Шотландия2-33
6Сан-Марино0-70

Іріктеу кезеңінің келесі турында кездесулер реті  мынадай:

  • Бельгия – Қазақстан. 08.06.19. 21:45
  • Шотландия – Кипр. 08.06.19. 21:45
  • Қазақстан – Сан-Марино. 11.06.19. 21:45
  • Бельгия – Шотландия. 11.06.19. 21:45
  • Ресей – Кипр. 11.06.19. 21:45

Абай Қазбекұлы 

Бөлісу: