Димаш Құдайбергенге өзінен аумайтын қуыршақ сыйлады

1274
0
Бөлісу:

Әншінің сахалық (Якутия) тыңдармандары оның өзінен айнымайтын қуыршақ жасаған.

 

«Якутиялық Dears делегациясы Димаштың Мәскеудегі жеке концертінің алдында өткен препатиге қатысты. Қыздар құр қол бармайық деп өз қолымен сыйлық жасап апарды. Ол – өте талантты шебер @khaardolls қолынан шыққан топсалы эксклюзивті қуыршақ болатын. Бұл қуыршақ әлемде біреу ғана, ол да Димаш сияқты бірегей!», – деп жазды тыңдарман инстаграмдағы парақшасында.

Жанкүйерлердің айтуынша, оның жасалуы да ерекше.

«Қуыршақтың Бали аралдарында жасалғанының өзі көп нәрседен хабар беріп тұр емес пе!? Қуыршақты жасау процесі тынымсыз еңбекті, маңдай терді, шеберлік пен шыдамдылықты, талант пен өз ісіңе деген іңкәрлікті талап етеді», – деп жазады тыңдармандар.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: