Садриддин Ахмедов қарсыласын неліктен нокаутпен жеңе алмағанын айтты (видео)

1481
0
Бөлісу:

Алматы төрінде индонезиялық Джон Рубамен айқасып жеңіске жетіп, бірінші орта салмақтағы WBC Asia вакантты белдігін иеленген қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов алдағы жоспарымен бөлісті.

Он раундқа созылған жекпе-жекте ол қарсыласын ұпай санымен ғана жеңе алды.

Оқи отырыңыз – САДРИДДИН – КӘСІБИ БОКСТЫҢ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗЫ

«Бұл өте ауыр жекпе-жек болды. Мен ылғи әдемі жеңіске жеткім келеді. Бірақ осы жолы сәл ауыр тиді. Әрине, уақытынан бұрын жеңіске жетуді қаладым, бірақ қарсылас қарымды болып шықты. Қолдаған жандарға алғыс айтамын. Бұл маңызды жеңіс. Алдағы үлкен кездесулерге дайынмын» дейді Ахмедов.

21 жастағы қазақ боксшысы осылайша сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар Садриддин Қазақстанда алғаш рет жұдырықтасып отыр. Ол бұған дейінгі барлық кездесулерін Канадада өткізіп келген болатын.

Оқи отырыңыз – САДРИДДИН БҮГІНГІ ЖЕҢІСІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА АРНАДЫ (ВИДЕО)

Еске салсақ, Ахмедов рингке соңғы рет қаңтар айында шығып, мексикалық Абрахам Хуаресті нокаутпен жеңіп, WBC «жастар» чемпионы титулын қанжығасына байлаған.

Фото: ҚазАқпарат

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: