Головкин қазақстандық боксшының промоутері болды (видео)

695
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп жеңіске жетті. 23 жастағы боксшы сегіз раундтық кездесуде 37 жастағы америкалық Майк Гайдан басым түсті.

Жекпе-жек Голливудтағы бокс кешінде өтіп, қазақстандық боксшы ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл кездесу – Ахмедов үшін екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жек болды. Бұған дейін ол жартылай ауыр салмақ дивизионында бәсекеге түскен. Осылайша, Ахмедов кәсіпқой рингте 14 кездесу өткізіп, 14 рет қатарынан жеңіс олжалап отыр. Ал он кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.

Оқи отырыңыз – БОКС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: ГОЛОВКИН, ЖӘНІБЕК, БАТЫР

«Мені қолдауға келген барша жанға алғыс айтамын. Сондай-ақ арнайы Қазақстаннан ұшып келген бауырларыма да рахмет. Бүгін оңай кездесу болған жоқ. Бұл – үлкен спорт, бұл – бизнес. Қарсыласым Майк Гайға да ризамын. Ол осал қарсылас емес.

Оқи отырыңыз – ГОЛОВКИННІҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА АЙТҚАН СӨЗДЕРІ (ВИДЕО)

Өз-өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бұл салмақ категориясы мен үшін жайлы. Әрі қарайғы жетістіктер үшін жұмыс істейміз. Алда бізді бұдан да мықты кездесулер күтіп тұр.

Бүгін қарсыласты нокаутқа түсіруге тырыспадым. Жекпе-жек ыңғайына қарай жұдырықтастым. Әрі қарайғы карьерамның қалай өрбитінін менің командам шешеді. Геннадий Головкин – менің промоутерім. Максим Головкин және Абель Санчес – біз бәріміз бір ұжымбыз. Осындай мүмкіндік үшін өз командама үлкен алғыс айтамын» деді Әли Ахмедов.

Оқи отырыңыз – ГОЛОВКИН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: