Кеме апаты: Барлығы дін аман

314
0
Бөлісу:

Сенбіде апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз лайнері Молде айлағына жеткізілді.

Кеме экипажы дауыл тұрғанда аяқ астынан істен шыққан кеме қозғалтқышын өз күшімен жөндеген. Катерлердің көмегімен Молде жағалауына жетті.

Эвакуациялау түні бойы үздіксіз жүргізілген. Круиз лайнерінің жолаушыларын тікұшақпен тасымалдаған. Жалпы, 463 адам тікұшақпен жағалауға жеткен. Кеме бортында экипажбен бірге барлығы 1373 жолаушы болатын. Барлығы аман. Жолаушылар арасында Қазақстанның екі азаматы болған. Норвегиядағы елшіліктің мәліметінше, «Викинг Скай» бортындағы біздің екі азамат оқыс оқиғадан жағалауға аман жеткен. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: