ЕУРО-2020: Қазақстан Ресейден ірі есеппен жеңілді (видео)

600
0
Бөлісу:

«Астана-Аренада» ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан-Ресей матчында қонақтар алаң иелерін ірі есеппен жеңіп, үш ұпай олжалады.

Матчтың 19 минутында Денис Черышев қазақстандық қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланып кетті.

Ал бірінші таймның қосымша минутында Черышев екінші мәрте мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Бұдан кейін де Қазақстан құрамасының шабуылы тым жүйесіз өрбіп жатты.

52 минутта Ресей құрамасының капитаны Артем Дзюба айып алаңындағы қарбаласта Непогодов қақпасына гол соқты.

Бұл сәтте қорғаушы Елдос Ахметов өркескел қателікке жол берді.

Ал кездесудің 62 минутында Магомед Оздоевтың тепкен добы қорғаушы Абзал Бейсебековке тиіп, рикошетке айналып Непогодов ырқына бағынбастан қақпаға еніп кетті. Бұл доп Абзалдың еншісіне жазылып, автогол ретінде тіркелді.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: