Қазақстан-Ресей: Бірінші минуттан алаңға кімдер шығатыны анықталды

461
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Ресейге қарсы матчта бірінші минуттан алаңға шығатын негізгі құрамды жариялады.

Оқи отырыңыз – ЕУРО-2020: ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІ ДЕ ЖЕҢІП ҮШ ҰПАЙ ОЛЖАЛАЙ АЛА МА? (ФОТО)

Чех маманы Шотландиямен болған ойынмен салыстырғанда үш бірдей өзгеріс енгізіпті. Өткен жолы гол соққан Ян Вороговский мен қорғаушы Евгений Постников бұл жолы қосалқы құрамда қалған. Сондай-ақ жарақатына байланысты Темірлан Ерланов та алаңға шықпайды.

Оқи отырыңыз – МИХАЛ БИЛЕК: ДӘЛ МҰНДАЙ ЕСЕП ТІРКЕЛЕДІ ДЕП КҮТПЕДІМ

Бүгінгі матчқа қорғаушылар  – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Елдос Ахметов тас-түйін дайын.

Оқи отырыңыз – ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫН АЛДЫНДАҒЫ ЖАТТЫҒУЫНАН РЕПОРТАЖ (ФОТО, ВИДЕО)

Негізгі құрам: Дмитро Непогодов, Абзал Бейсебеков, Елдос Ахметов, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат, Александр Меркель, Юрий Перцух, Бақтиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев.

Оқи отырыңыз –  ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒЫ БІР ТОСЫН СЫЙ ДАЙЫНДАП ОТЫРҒАНЫН АЙТТЫ

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Георгий Жуков, Максим Федин, Еркебұлан Сейдахмет, Оралхан Өміртаев, Алексей Щеткин, Бауыржан Тұрысбек.

Ресей құрамасының негізгі құрамы мынадай:

Ресей: Маринато Гильерме, Марио Фернандес, Андрей Семенов, Денис Черышев, Магомед Оздоев, Юрий Газинский, Федор Кудряшов, Георгий Джикия, Ильзат Ахметов, Алексей Ионов, Артем Дзюба.

Матчты Qazsport телеарнасы 20:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Абай Қазбекұлы
Бөлісу: