AIBA-ны уақытша басқаратын адамның есімі белгілі болды

667
0
Бөлісу:

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) уақытша басшысының кім болатыны қауымдастықтың сенбі күні болған атқару комитетінің шұғыл отырысында белгілі болды.

Енді AIBA президенті міндетін Африка бокс конфедерациясының басшысы Мұхамед Мұстасан атқарады. Қауымдастықтың бұрынғы президенті Ғафур Рахимов бірер күн бұрын өз өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

Былтыр AIBA президенттігіне қазақстандық Серік Қонақбаев та кандидат болған еді. Алайда ол дауыс саны бойынша өзбекстандық Ғафур Рахимовтан жеңіліп қалды.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: