Элизабет Тұрсынбаева – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (видео)

1288
0
Бөлісу:

Жапонияның Сайтама қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде иеленді. Бұл Элизабетаның үлкен жарыстардағы ең үлкен жүлдесі. 

Қазақстандық спортшы еркін бағдарламаны тамаша орындап, қорытындыда 224,76 балл жинады. Спортшылардың ең соңынан шыққан Э.Тұрсынбаева ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет төрт айналымдық сальхов элементін орындады.

Ал жарыстың жеңімпазы ресейлік Алина Загитова 237,50 балмен әлем чемпионы атанды. Осы елдің тағы бір өкілі Евгения Медведева 223,80 балмен үшінші орыннан көрінді.

Қазақстан спортындағы тарихи сәт осы!Элизабет Тұрсынбаеваның Жапониядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған кез. Бұл еліміздегі әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш медаль!

Опубликовано Kazakhstan Olympic Team Пятница, 22 марта 2019 г.

 

«Айқын» ақпарат 

Бөлісу: