Дариға Назарбаева ерлікпен қаза болған полицейдің отбасына көңіл айтты

739
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Атырауда қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына көңіл айтып жеделхат жолдады.

«Балаларыңыз, патрульдік полиция қызметкері Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиев басқа адамның өмірін құтқарамын деп өз өмірін қиды, нағыз ерлік көрсетті. Бұл Қазақстан үшін де орны толмас ауыр қайғы. Мұндай ерлік және азаматтық – басқаларға да, өсіп келе жатқан жастарға да ерекше үлгі. Нағыз Батырды тәрбиелегендеріңіз үшін Сіздерге бас иеміз», – делінген Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылында тұратын Ақымғалиевтер отбасына жолданған жеделхатта.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: