МЕНІ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ӘКЕЛГЕН – ҚАТЕЛІКТЕРІМ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛ

521
0
Бөлісу:

Кәсіпқой бокстағы жалынды қазақ жігіттерінің бірі – Мадияр Әшкеев. Спорттық карьерасындағы 11 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтады. АҚШ-қа қалай аяқ басты? Қазіргі межесіне қалай жетті? Ендігі көздегені не? Ары қарай Мадиярдың өзі айтсын.

СӘЛЕМ АҚШ! КЛИМАС, СЕН ҚАЙДАСЫҢ?

2015 жылы қыркүйек айында Лос-Анджелеске келіп, әртүрлі ме­неджерлермен кездесіп, сөйлес­тім. Әркім өз ұсынысын айтты. Кө­бі 30-35 пайыз дейді. Сосын ой­ландым – 30 пайыз оған, 10 пайыз бапкерге, 30 пайыз салық тө­лесем, өзіме не қалады деп. Кейінірек Окснард қаласында (Лос-Анджелестен бір жарым сағаттық жер) Эгис Климас деген ме­неджер бар екенін естідім. Ке­ліп, жөнімді айттым. Ол бірден «ринг­ке кір» деді. Мексикалық бок­сшымен 4 раунд бокстасуым ке­рек екен. Өзімді көрсету үшін ба­рымды салып шайқастым. Қат­ты шаршасам да, білдіргем жоқ. Ақырында үшінші раундта қар­сыласым бас тартты. Нәтижесінде, менің өнерім Эгиске ұнап, екеуміз келісімшартқа отырдық.

Сол жылы 12 желтоқсанда ал­ғаш­қы жекпе-жегімді өткіздім. Екін­ші раундта бірнеше сәтті соқ­қы жасадым. Содан Эгис Кли­мас­тың маған деген сенімі артып, Main Events компаниясы да бірден келісімшарт ұсынды. Оған дейін де талай менеджер мен промоу­терді көрдік. Көбі ә дегеннен қаржылық жағдайыңды сұрайды. Сенен пай­да тапқысы келетінін бірден аң­ғартып қояды. Ал Эгис ондай емес, азаматтықты ақшадан биік қойған жан екен. «Маған сенім арт» деді. Сол сенімнің шырқын бұзбай, осы күнге дейін жұмыс істесіп келеміз.

Пуэрториколық қарсылас шы­нымен қиындық тудырды. Қанша деге­нмен көп кездесу өткізген, та­лай мықтыларға қарсы жұды­рық­тасқан, әккі боксшы екен. Бірақ бапкер екеуміз алдын ала жоспарлаған тактика бойынша төбелесіп шықтым. Себебі, алдағы 10-12 раундтық кездесулерге дайын болу қажет.

АҚША КЕРЕК. ТИТУЛ ОДАН ДА МАҢЫЗДЫ

Келесі жекпе-жектің қашан бо­латыны алдағы аптада анықтал­мақ. Қарсылас та сол уақыт ша­масында белгілі болады. Про­моутерлер өзара келісіп, барлық ұсақ-түйек шаруалар шешімін тап­қаннан кейін, біз де жаттығу жұ­мысына кірісеміз. Биыл титул­дық жекпе-жек өткізуіміз керек. Бұл – бизнес. Промоутер де, ме­нед­жер де, өзім де жақсы ақша та­буым керек. Өйткені АҚШ-та тұру оңай емес. Мұнда кез келген тауар қымбат. Жалпы, титулдық кез­десу өткізу – ақша тұрғысынан да, атақ тұрғысынан да пайдалы.

Мұнда тұрып жатқаныма үш жыл­дан асып кетті. Әу баста Эгис­пен келіскен кезде-ақ «келіншегім мен баламды Қазақстанға тастап, өзім мұнда емін-еркін жаттығу жа­сай алмаймын» деп айттым. Қан­шалықты қиын болса да отба­сым­мен бірге көргім келді. Менеджерім жағдайымды түсініп, жұмыс виза­сымен отбасыма да келісімшарт ыңғайлап берді. Қазір әжептәуір үйренісіп қалдық. Балаларым ба­лабақшаға, сабаққа барып жүр. Отбасым қасымда болған соң ме­нің де көңілім тоқ. Жекпе-жекке дайындық барысында отбасым мені мүлдем мазаламайды. Ал бос уақытымды соларға арнаймын.

Бірінші орта салмақта кез кел­ген боксшымен шығуға дайынмын. Бастапқыда алты, сегіз раундтық кездесулерден сескенгенмін. Шаршап қалмаймын ба деген қауіп болған. Жалпы, әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстың айыр­ма­шы­лығы өте көп. Үш раундтық кез­десу­ге бір деммен шығып, өткізіп шығуға болады. Ал кәсіпқойда әр раунд бағалы. Әр кезеңге әртүрлі тактикамен шығасың. Күшіңді үнемдеп пайдаланып, барынша ұзаққа сілтеуге тырысасың. Оның бәрін үйлестіру оңай емес. Қазір ондай қиындыққа бой үйреттім. Сегіз және он раундтық кездесу­лер­ді сәтті аяқтадым. Әлемге әйгілі Сергей Ковалев, Александр Гвоз­дик секілді боксшылардан ақыл-кеңес алып тұрамыз. Олардың ай­туынша, 10 мен 12 раундтың айыр­­машылығы аса көп емес.

КӘСІПҚОЙ БОКСТЫҢ ШЫҢЫНА ЖЕТУ ҮШІН

… ең бастысы сенім болу керек. Со­ған сай еңбек ету керек. Бұ­лардан бөлек – ұйқы, режим, та­мақ­тану секілді маңызды фактор­лар бар. Бұл нәрселер айтқанға оңай болғанмен, іске асыру бір­шама қиынға соғады. Өз-өзіңе ұстаз болу, өз-өзіңе қаталдық та­ныту қай кезде де оңайға түспеген. Бокстағы ең қиыны – салмақты ұстау. Оны көтеру немесе түсіру. Бұл жағдай жаттығу процесінен де, жекпе-жектің өзінен де қиын. Мәселен, аз уақыт ішінде салмақ 7-8 келіге артып кетеді. Артып кеткен ауыр салмақтан бір күнде арылу мүмкін емес. Тұрақты диета ұстап, сал­мақты жекпе-жекке дейін туралап әкелеміз. Алдағы уақытта жоғары салмақ деңгейіне кө­терілсем бе деген ойым бар. Оның бәрін уақыт көрсетер. Қазіргі мақсат – бірінші орта салмақты бағындыру.

Әуесқой бокста көп уақыт өткізіп алдым. Шала-пұла жаттығу жасап, Қазақстан чемпионатына қатыса салған кездерім де болды. Одан жеңіліп қалдым. Бұл үшін ешкімді айыптамаймын. Таза өз кінәм. «Астана арландары» са­пында жүрген кезімде амери­калық промоутерлер электронды пош­тама хат жолдап, ұсыныс тастап жүрді. Осыдан кейін неге өзімді сынап көрмеске деген ой туды да, 27 жасымда шұғыл шешім қабыл­даған едім.

АУЫЛДА ЖҮРГЕНДЕ АМЕРИКА АСАМЫЗ ДЕП ОЙЛАДЫҚ ПА…

Жаттығып жүрген залым Окснардта орналасқан. Ауылдық жерде орналасқандықтан, спортқа дайындалу үшін өте қолайлы. Әуелгі бапкерім Роберт Гарсия болған. Қазір Марко, Оскар есімді мексикалық бапкерлермен бірге жаттығамын. Промоутерлерім де – өз ісінің мамандары. Жалпы, командам жақсы таңдалған. Сондай-ақ физикалық дайын­дығымды бөлек қадағалайтын Донатас деген бапкерім де бар.
Ағылшын тілін үйрену үшін кешкі мектептерге барамын, интернеттен қараймын. Мектепте оқып жүрген кезімде Америкаға барамыз деп ойламадық қой. Әйтеуір, мән бермеппіз. Енді шындап кірісіп жатқан жайымыз бар. Өмір бойы бокстаспаймыз ғой, кәсіби мансап аяқталғаннан кейін де ағылшын тілі көп жерде керек болады. Қазір кәсіпқой бокс­пен айналысу үшін Қазақ­станнан АҚШ-қа келе алмай жатқан қаншама боксшы бар. Келуін келгенмен, тіл білмеген­діктен, ұрынып қалып жатқан отандастарымыз бар. Көптеген менеджер, промоутерлер бокс­шының сауатсыздығын пайда­ланып, ақша жасайды, алдайды. Келешекте сондай інілеріме көмек беріп, жол нұсқағым келеді.

Өз басым айтарлықтай қаражат тауып жатқан жоқпын. Қазір рейтинг жекпе-жектерін өткізу­деміз. Үй мен тамағымызды менед­жер қамтамасыз етеді. Егер де­меуші табылса жақсы болар еді. Себебі, кәсіпқой бокста демеу­шілері бар боксшылар жарқ етіп, биікке жетіп жатады.

Қазақ ұландарының кәсіпқой боксқа ауысып жатқаны қуан­тады. Біраз жастар буынып-түйініп АҚШ-қа сапарлай салуға тәуекел ете бермейді. Дегенмен қазір сең бұзылды. Келіп, бокс­тасып, біраз атаққа жа­қындап қалған жігіттер көп. Шын мә­нінде, қорқудың түк қажеті жоқ. Батылдық таныту керек. Өзіміз де солай келгенбіз. Қа­зақстан чемпионатына қаты­сып, бірақ орын ала алмай, еңсесі түсіп кететін жігіттер баршылық. Оларға айтарым – қолды бір сілтемей, кәсіпқой бокс әлеміне ара­ласу керек. Маған хабарласса да, қолдан келген көмегімді беріп, ақы­лымды айтамын. Бір-бірімізді дос, бауыр тұтып, демеп жіберу – адамдық парызымыз. Кәсіпқой бокспен айналысып шетелде жүрген барлық қазақ жігіттерімен араласамын. Бізден бұрын келген жігіттерден ақыл-кеңес алып тұ­рамын. Бір-бірімізге қателік­те­рімізді айтып, түзетіп, пікір ал­масамыз.

Сұхбаттасқан
Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: