АКЦИЯ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАДЫ

567
0
Бөлісу:

Елімізде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету – бүгінгі таңда ең маңызды мәселе екенін алға тартқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керегін қадап айтты. Аталған мәселе бойынша Түркістан облысының барлық аймақтарында арнайы штабтар құрылып, әлеуметтік карта жасалды және тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов айтып берді.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету керегін айтып, Үкіметке және партияға тапсырма берді. Осыған орай, партияның облыстық филилалы қандай жұмыстар атқарып жатыр?

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті ХVІІІ съезінде Үкіметтің алдына аз қамтамасыз етілген азаматтарды және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды. Осыған орай, Түркістан облысының барлық аймағында отбасылардың қажеттіліктерін анықтап, Елбасы тапсырмасына сәйкес ауқымды міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша алдын ала есептер жасалды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1963,1 мың адам мекендейді. Олардың арасында 86,6 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл республикалық көрсеткіштің (340,4 мың отбасы) 25,4 пайызын құрады.

Бүгінде Nur Otan партиясының бастамасымен республикада жүзеге асып жатқан қайырымдық акциялары біздің өңірде де іске асып жатыр. Ел арасындағы кейбір қайырымды азаматтар да қарап отырмай, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, түрлі жәрдем беріп жатыр.

Акцияның негізгі мақсаты – осы елдегі көпбалалы және әлеуметтік аз қам­тыл­ған, тұрмысы төмен отбасыларға партияның араласуымен демеушілер табу арқылы оларға қолдау көр­сету. Осының аясында өңірдегі қалталы азаматтарға үлкен ой салмақпыз. Өйткені әрбір кәсіпкер азамат жағдайы төмен адамдарға көмектесуі қажет деп ойлаймын.

Мәселен, жыл басынан бері Отырар ауданында 164 отбасыға 1 800 000 теңге, Созақ ауданында 250 отбасыға 800 000 теңге, Шардара ауданында 165 отбасына 1 232 550 теңге көлемінде көмек берілді. Сарыағаш ауданында 3 018 көпбалалы отбасы бар болса, әлеуметтік жағдайы төмен 5 234 отбасы бар, оның 150-іне, Жетісай ауданында 1 500 отбасыға киім-кешек,  азық-түлік, отын-көмір сынды әлеуметтік көмек берілді. Мұндай қайырымдық шаралары басқа да аудандарда осындай деңгейде жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы  осы жылды Жастар жылы деп атады. Осыған байланысты облыста жастармен қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жастарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

– Жалпы Түркістан облысында 500 мыңнан аса жастар бар. Бұл облыс халқының 26 пайызын құрайды. Оның ішінде  25 мыңға жуық жас «Жас Отан» ЖҚ мүшелігінде.  «Жас  Отан» ЖҚ-ның 11 аудандық, 3 қалалық бөлімшесі мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында  35-ке жуық бөлімшесі бар.

Қазір жастарымыз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өздерінің тарапынан көптеген жұмыстарды қолға алып жатыр.

English for Jastar партиялық жобасы бойынша жұмысшы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ  әр сейсенбі сайын түрлі тақырыпта жоспарға сәйкес кездесулер өткізіп отырады. «Мамандық таңдаудан жаңылма!» тақырыбында еркін форматта әңгімелесу өткізілді. «Денсаулық берік ұста!» тақырыбында Түркістан жоғары медицина студенттерімен арнайы дайындалған семинар-тренингтер жүргізіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Мұнан өзге, 2018-2019 жылдары Түркістан облысында Bilim ortalygy жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудан, қалаларда коуоркинг орталықтары ашылды. Білім беру орталықтарында жастарға ағылшын курстары, семинар-тренингтер ұйымдастырылып жатыр. Jas Otan Cases, «Еркін пікір» сынды жобалардың барлығы білім орталықтарында жүзеге асырылады.

– Қоғамдық қабылдау бойынша қанша жұмыс атқарылды? Сондай-ақ «Біріңғай әлеуметтік терезе» республикалық акциясының өңірдегі атқарылуы қалай болып жатыр?

– Жалпы облыстық филиалда бүгінгі күнге 17 қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет жасайды.

Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қаңтар-ақпанда 1 128 арыз-шағым (137 – жазбаша,  976 – ауызша,  15 – сайт  арқылы ) түсті. Оның 397-сі (35,1%) оңтайлы шешіліп, 683-іне заң аясында кеңес берілсе, 48 арыз-өтініштің қаралу мерзімі әзірге жүріп жатыр.

Сонымен қатар биылғы қаңтар-ақпан айында қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 324 қабылдау жүргізілді. Оның ішінде 17 көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Айта кетейін, 2018 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне «Электронды қоғамдық қабылдау» ақпараттық жүйесі арқылы  түскен 9 973 арыз-шағымның 4 150-і (41,6 пайызы) оңтайлы шешіліп, 5 823-іне заң аясында кеңес берілсе, өткен жылы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 3 260 қабылдау жүргізіліп, 7 208 азаматтың мәселесі қаралды.

Ал «Бірыңғай әлеуметтік терезе» республикалық акциясының операторы Орталық аппараттың Республикалық қоғамдық қабылдауы мен партия филиалдарының қоғамдық қабылдауы болып белгіленген 2019 жылдың 19 ақпанынан бастап бүгінгі таңға дейін Түркістан облысы бойынша 447 азаматтың арыз-өтініші қабылданды.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Мемлекет басшысының  Халыққа көмек партиялық  жобасы арқылы халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыруда  әр уақытта белсендік көрсетеді.

Сұхбаттасқан

Тельман БЕЙСЕНОВ,

Түркістан облысы

 

Бөлісу: