БІРЛІКТІ ТУ ЕТІП ҰСТАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

593
0
Бөлісу:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі көңіл сенбейтін, күтпе­ген қадам болды. Қалай дегенмен де, Ел­басы өзінің көрегендігімен тағы бір тарихи шешім қабылдады. Әрине, Қазақ жұртын, тәуелсіз қазақ елін Нұрсұлтан Әбішұлынсыз елестету мүмкін емес. Бірақ бұл – тарихи сәт, тарихи қадамның өз заң­дылығы бар. Дүние аласапыран болып жатқан бүгінгі заманда Елбасы салиқалы сая­сатымен, даналығымен, даралығымен, ойлы­лығын көрсетті деуге болады. Сондықтан да бұл мәлім­демені Атырау мен Алтайдың арасын жай­лап жатқан жұрт­тың көңіл толқытып тыңдағаны мәлім.
Әрине, Тұңғыш Президент биік мінберлерде қа­лады. Біз Елбасын өмір бойы қазақты алға бастап ке­ле жатқан тұлға деп білеміз. Себебі, алыс-жақын ше­телдер қазақ жұртын Нұрсұлтан Әбішұлы арқылы таныды. Оның есімімен Қазақстан мемлекеті қатар аталады. Н.Назарбаев әлемдік эко­номикалық және саяси жүйедегі белсенді, қарқынды дамып келе жатқан болашағы зор мемлекеттің көшбасшысы ретінде мойын­далған. Ол – Батыс пен Шығыстың, түрлі діндер мен өркениеттер арасында диалог ор­натуға ықпал ете алған тұлға. Ол – кон­фессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жасаған архитектор. Мар­гарет Тетчердің «Бүгінде әлем бес немесе алты ықпалды саясаткерді, солар­дың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевты біледі» деген сөзі соған дәлел.
Енді біз үшін Тұңғыш Президентіміз салған сара жолдан айнымай, ол орнықтырған бейбіт ел­дің берекесін қашырмай, бірлігімізді ту етіп ұстау барлығымыздың парызымыз деп білемін.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Мәжіліс депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз