Назарбаев енді қайда отырады?

1124
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Тұңғыш Президент қорының ғимаратында отыратын болды. Ақордада уақытша Қасымжомарт Тоқаев отырады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  – Елбасы Қоры – қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор.

Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын жүзеге асырып жатыр.

Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: